Қазақ киносында тіл мәселесі өзекті  - сенатор

19.12.2024, 16:43
777
Қазақ киносында тіл мәселесі өзекті  - сенатор SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Сенатор Руслан Рүстемов Премьер-министр Олжас Бектеновке елдегі кино тілін қазақтандыру туралы депутаттық сауал жолдап, кино түсіру кәсібіне лицензия орнатуды ұсынды.

- Кино дұрыс мақсатта пайдаланылса, ұлтты біріктіретін құралға, бұрыс мақсатта пайдаланса, атом бомбасынан да қауіпті қаруға айналатыны сөзсіз. Сол себептен қазіргі қазақ киносына, көркем фильмдердегі әлеуметтік-лингвистикалық мәселелерге бейжайқарауға болмайды. Қазақша киноның тілі көркем, шұрайлы, ана тілімізде сөз саптау үлгісіне лайық болуға тиіс. Кеңес заманының өзінде қазақ фильмдері осы талапқа жауап берді.

Өкінішке қарай, қазіргі қазақ киносының тілі туралы жағымсыз пікірлер, қарсылыққа толы ашу-ыза белең алды. Қазіргі қазақ киносында тіл мәселесі тым өзекті. Себебі атауы қазақша болғанмен, кейіпкерлері таза қазақ тілде сөйлемейтін, тілі алашұбар, жеңіл әзіл мен арзан күлкіге құрылған, анайы сөздер мен азғындыққа толы фильмдердің көбеюі өте қауіпті. Бұл үрдіс осылай жалғаса берсе, таяу уақытта қазақ тілінде түсірілген киноны таппай қалуымыз да мүмкін, - делінген сауалда.

Депутат тілі шұбар фильмдер қазақ тілінің табиғи даму үдерісін кері бағытқа бұрып бара жатқанын айтады.

- Таза қазақ тілінде жазылмаған, шетелдік жат ұғымдағы сценариден түсірілген, көркемдік деңгейі ұлттық танымымызбен сәйкеспейтін, жат мәдениеттің кодымен сөйлейтін, кейіпкерінің аты мен түрінен басқа қазақтың өзі жоқ. Көркем фильмдер өскелең ұрпақтың руханиы талғамына кері әсер етіп жатыр. Аралас тіл ұрпақтан-ұрпаққа берілген сайын анатілінің рөлін атқарып, тілдің бастапқы құрылымы өзгеріске ұшырайды. Осылайша қазақ тілі таза нұсқасынан алыстап, күрделі тілдік нормаларын жоғалтуы мүмкін. Мұндай жағымсыз жағдай қазақша үйренгісі келгендердің де дағдыларына теріс ықпал етеді, - дедіол.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді